Ғылыми зерттеу бағытын дұрыс таңдау – ғылымдағы табыстың басты кепілі. Ол қоғам мен өндірістің нақты қажеттіліктеріне жауап беріп, жаңа нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ал дұрыс таңдалмаған бағыт ғалымның еңбегін, уақытын және қаражатын босқа жұмсауға әкеледі. Сондықтан зерттеу бағытын таңдағанда оның өзектілігі мен практикалық құндылығы бірінші кезекте ескеріледі.